«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп

29.02.2024

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

1.      Жалпы ережелер

Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласы № 2 Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ. Заңды мекенжайы Степногорск қаласы, 2 шағын аудан, № 14 ғимарат.

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласы № 2 жалпы білім беретін мектебі" КММ білім беру саласында 5 Мемлекеттік қызмет көрсетеді.

          2023 жылы Степногорск қаласының №2 ЖББМ КММ 145 қызмет көрсетті;

- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді -4 қызмет;

- ЭҮП арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 13 қызмет;

- қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-13 қызмет.

- көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрі ("Электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 8 қызмет.

- көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түрі ("Электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) -108 қызмет.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

 

 

 

2) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

 

- "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";

- "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".

- "Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау"

- "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0002.stepnogorsk.aqmoedu.kz / білім басқармасының "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету ережелері орналастырылған. Сондай-ақ мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

 Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

3.      Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

2024 жылы Степногорск қаласының №2 ЖББМ КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1121


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст