28.08.2026
2026 жылғы 28 тамызда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025–2026 оқу жылының қорытындысы мен жаңа 2026–2027 оқу жылындағы негізгі міндеттерге арналған педагогикалық кеңес өткізілді.
Кеңес барысында педагогикалық ұжым:
- өткен оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін талқылады;
- жаңа оқу жылына арналған басым міндеттерді айқындады;
- мектептің жұмыс жоспары мен оқу жоспарын қарастырып, бекітті;
- оқу жоспарының вариативтік бөлігін, үйірмелер мен факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мәселелерін талқылады;
- педагогтердің алдын ала тарификациясын қарастырды;
- аттестаттаудан және біліктілікті арттыру курстарынан өтетін педагогтердің тізімдерін бекітті;
- мектеп әкімшілігінің лауазымдық міндеттерімен және кезекшілік кестесімен танысты.
Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша білім сапасын арттыруға, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және әрбір білім алушының жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.
Педагогикалық ұжымға жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, жемісті еңбек және толағай жетістіктер тілейміз! 🌟
