«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтықтан оқыту кезінде баланың қызығушылығын және ынтамен оқуын сақтап қалу өте маңызды. Сондықтан келесі кеңестерді байдалана отырып, оқу жылын соңында жақсы нәтижеге қол жеткізу әбден мүмкін.

Қашықтықтан оқыту кезінде баланың қызығушылығын және ынтамен оқуын сақтап қалу өте маңызды. Сондықтан келесі кеңестерді байдалана отырып,

оқу жылын соңында жақсы нәтижеге қол жеткізу әбден мүмкін.


1. Ең басты ереже – ол әдеттегі күн тәртібін сақтау. Күн тәртібінің күрт өзгеруі баланың қалыптасып қалған ағзасы мен психикалық күйіне жағымсыз әсер етуі және стресс жағдайына айналу мүмкін.

2. Таңертең баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін. Таң атпай оны ұсақ - түйекпен асықтырмаңыз, кеше ескерткен болсаңыз да, қателіктері мен жаңсақтықтары үшін кінәламаңыз.
3. Баланы сабақ оқуға таңғы ас бермей отырғызбаңыз.

4. Мектептен қашықтықтан оқу процессі жайлы берілген ақпарат, нұсқаулықтар мен ұсыныстарды түсініп алуға тырысыңыз. Ресми ақпараттар ғана жүгініңіз. Қазіргі кезде қашықтықтан оқуға арналған білім алу ресурстары жеткілікті, өзіңізге және балаңызға қолайлысын таңдап алыңыз.

5. Баланың эмоционалдық күйі төтесінен отбасындағы ересектердің хал-жайымен байланысты. Ата-ананың сабырлық сақтауы, болып жатқан жағдайларға сәйкес серпілісі және сыни ойлауы өте маңызды. Баланың вирус туралы сұрақтарына сабырлықпен жауап бере отырып терең талқылауға түспеңіз. Әлеуметтік желілердегі зәре ұшыратын жаңалықтарды ести сала ерекше ынтамен басқаларға таратуға асықпаңыз.

6. Ақпарат ағынын төмендетуге тырысыңыз. Сізге және балаңызға жақындарыңыз бен айлаңыздағы адамдармен телефон және мессенджерлер арқылы уақытша мәжбүрлі үйде отыру кезінде байланыста болу маңызды, бірақ жалпы ақпарат ағынын (жаңалықтар, әлеуметтік желілер) төмендету пайдалы болатыны анық.

7. Баламен бірге оқыңыз. Қашықтықтан оқыту кезінде ата-ананың оқушымен бірге кейбір пәндерден білім алуы, баланың қызығушылығын арттыра отырып эмоционалдық байланыс орнатуға мүмкіншілік береді.

8. Үйде бола отырып бала өзінің сыныптастары және достарымен қарым-қатынас үзбегені жөн(қоңырау шалу, VK және топтық мессенджерлер). Ата-аналар вируталды конкурстар, челлендждер және басқа позитивті идеяларды балаға ұсынуы мүмкін. Жасөспірімдерге түрлі тақырыптық бейне блогтарды бастауға көмектесуге болады.

9. Үйде отыру кезінде баланың өздігінен өткізетін уақыты болуы керек (ата-ананың оны әр сәтте алдандыру керек емес) және отбасындағы ересектермен бірге өткізетін уақытын қарастыру қажет. Басты идея – үйде отыру ол «жазалау» емес жаңа дағдыларды, қызықты идеяларды іске асыру мен білім алуға арналған ресурс ретінде қабылдау жөн.

 

Мектеп психологы Н.Алпыспаева

Жаңартылған күні: 22.09.2020 10:16
Құрылған күні: 22.09.2020 10:16

Текст