«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қамқорлық" қайырымдылық акциясының қорытынды есебі

"Қамқорлық" қайырымдылық акциясының қорытынды есебі

 

2019 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.

 Осы акция негізінде мектебімізде  «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспар құрылды, акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды.

«Қамқорлық» акциясы туралы акция логотипін қолдана отырып, ақпараттық бұрышитар, плакаттар орнатылды.

Айлық кезінде мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар жомарттық танытып, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға азық-түліктен түратын өнімдік себетпен, мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамассыз етті. Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары, ата-ана қамқорынан тыс қалған балалар мен көпбалалы отбасынан шыққан балаларды оқушы формасы, сөмке, аяқ киім және оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз етті.

Әлеуметтік педагог Б.А. Аканова

 

Жаңартылған күні: 25.02.2019 10:33
Құрылған күні: 05.03.2019 13:28

Текст