«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке жол" акциясы

Қазақстанда әр оқу жылының басында дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді. Оның басты мақсаты - аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету. Биыл акция 1 шілдеде басталды. Бүгінгі күні мектепте жұмыс жоспары жасалды, бей-жай қарамайтын адамдар үшін «Мектепке жол» жалпыұлттық қайырымдылық акциясының қатысушылары болуға арналған стенд жасалды, осы акция аясында материалдық көмек алатын балалардың тізімін нақтылау жұмыстары жүргізілуде.

Оқушыны мектепке даярлау үлкен шығындарды талап етеді, әр отбасында оқу үшін қажетті керек-жарақтарды сатып алуға мүмкіндік бола бермейді, сондықтан мектепке арналған сөмкелер, кеңсе тауарлары, кеңсе жабдықтары, мектепке арналған спорт киімдері, спорттық жабдықтар түріндегі кез-келген көмек балаларымыздың мектепке дайын болуына көмектеседі. Бүгінгі таңда Степногорск білім беру бөлімінің көрсеткен көмегінің арқасында мектебіміздің 68 оқушысы мектепке арналған сөмкелермен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді.

Науқан 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Кез келген адам мектепке хабарласу арқылы мұқтаж балаларға көмек бере алады

 

 

Жаңартылған күні: 12.08.2019 09:00
Құрылған күні: 12.08.2019 09:41

Текст