Текст
Степногорск қаласы күніне орай, Балалар жылы аясында Республика даңғылы халықаралық, республикалық олимпиадалар, конкурстар мен спартакиадалар жеңімпаздарының портреттерімен безендірілген. Біздің мектебіміздің 11 "А" сынып оқушысы, Аманбаева Алия сол галереядан өз орнын тапты. Алия мектептегі "Жас Ұлан" балалар ұйымының Ұлан басы ретіңде, түрлі шығармашылық және ғылыми конкурстарда өз өнерін танытты.