«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Пандемия кезеңінде А.М. Горький атындағы № 2 ОМ COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы

Пандемия кезеңінде А.М. Горький атындағы № 2 ОМ COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – коронавирустық инфекция)  таралуын  алдын алу үшін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20 қаулысының, Ақмола облысы  білім  басқармасының  2020 жылғы 14 наурыздағы  № 66 бұйрығы  негізінде

БҰЙЫРАМЫН:

1) мектепте санитариялық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдасын;

2) ағымдағы жылғы 13 наурыздан бастап бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салсын (мерекелік, концерттік, мәдени, спорттық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.);

3) білім алушылардың халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық  спорттық,  мәдени,      туристік     іс-шараларға шығуына тыйым салсын;

4)  барлық педагогикалық кеңестер т.б. жиналыстар онлайн режимге ауыстырылып, мәжілістерді өткізу барынша азайтылсын;

2. Көктемгі демалысты – 21 күн (2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірді қоса алғанда) анықтау.

          1) 2019-2020 оқу жылының үшінші тоқсанын аяқтауды қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес аяқтасын.

          2) көктемгі демалыс уақытында педагогтарға шеттетілген режимде (білім беру ұйымынан тыс) жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етсін.

3 Ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап қашықтан білім беру технологияларын қолданып, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Д.М. Абдилованың келісімімен оқытуды қамтамасыз етсін.

4. Келесі қызметкерлер тобы анықталсын:

1) тікелей ұйымдағы білім беру ұйымдарының тынысы мен қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлерді (әкімшілік (басшы, басшының орынбасарлары), техникалық қызметкер);

2) шеттетілген режимде қашықтық технологияларының негізінде білім беру, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету бойынша үйлерінде отырып,  еңбек қызметін іске асыратын қызметкерлерді (пән мұғалімдері, педагогтар, сынып  жетекшілер);

3) Директордың ӘШБ жөніндегі орынбасарының м.а. Г.М. Касенова кестеге сәйкес кезекті еңбек демалысына баратын қызметкерлерді қарастырсын.

4. Пән мұғалімдері 2019-2020 оқу жылының үшінші тоқсанын аяқтауды қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдарды қарастырсын.

          5. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Д.М. Абдиловаға, директордың ТЖ жөніндегі орынбасары К.М. Ярулинаға, директордың ӘШБ жөніндегі орынбасарының м.а. Г.М. Касеноваға жүктелсін.

Директор                                                                            Ж.Таурбаев

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 17.03.2020 15:45
Құрылған күні: 18.03.2020 13:13

Текст