«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Естеріңізге сала кетейік, кәмелеттік жасқа томаған тұлғаларға түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болуға тыйым салынады (ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 442 - бабы, Осы баптың 2 - бөлігінің санкциясында «Ескерту», 1-бөлігінде - 3 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл, 3-бөлігінде - 7 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген).

Кәмелетке толмағандарға болуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
- ойын-сауық мекемелерінде - сағат 22.00-ден 06.00-ге дейін (ойын-сауық мекемелері болып санады: ойын-сауық мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютерлік, бильярд, боулинг-клубтар мен кинотеатрлар, театр-ойын-сауық мақсатындағы объектілер және ойын-сауық-демалыс, театр-ойын-сауық, спорттық, мәдени-демалыс мақсатындағы қызметтер көрсетілетін өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар);
- тұрғын үйден тыс – сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін (ҚР Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес, тұрғын үй заңды өкілдердің тұрғылықты жерін білдіреді).

Баланың жанында кім еріп жүруі керек?
- полиция қызметкерлері көптеген қылмыстардың алдын алу үшін жұмыс істейді, сондықтан олар сізден құжаттарды сұрай алады.
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес бала заңды өкілімен, яғни ата-анасымен, асырап алушысымен, қамқоршысымен, асырап алушы ата-анасымен, патронат тәрбиешісімен немесе оларды алмастыратын басқа адаммен бірге болуы тиіс.
Әкімшілік жауапкершілік 16 жастан басталады (белгіленбеген жерде темекі шегу, ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу), осы жасқа жеткенге дейін жауапкершілік жасөспірімдердің заңды өкілдеріне жүктеледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Қылмыстың дәлелдемелері мен құрамы болған кезде айыпталушыға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберіледі.

Сотталған және соттылығы бар адам бұдан әрі оқу, құқық қорғау мекемесіне түсе алмайды, сондай-ақ мемлекеттік қызметке орналаса алмайды. Соттылықтың болуы жұмысқа орналасу кезінде олардың жақындары мен туыстарына әсер етеді.
ҚР ҚК 53, 54-баптарына сәйкес сот үкімін шығарған кезде сот ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескереді.

Ауырлататын мән-жайлардың бірі сотталушының есірткі және алкогольдік мас күйінде қылмыс жасау болып табылады.
Сондай-ақ, жастар есірткі заттарын сақтағаны және өткізгені үшін, қолдан жасалған суық қаруды, пышақтарды, кастеттерді, нунчактарды сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Сондай-ақ, облыста кәмелетке толмағандардың ерте жастағы жүктілік фактілері бар, бұл кезде қарама-қарсы жыныстағы жасөспірімдер арасындағы достық «жақындастыққа» ұласады, нәтижесінде қыздар жүкті болады, ал ұлдар 16 жасқа толмаған тұлғамен «жыныстық қарым-қатынастың» ықтимал салдарын білмей, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілетін қылмыскерлерге айналады (ҚР Қылмыстық Кодексінің 122-бабы).

Жаңартылған күні: 23.01.2024 17:04
Құрылған күні: 23.01.2024 17:15

Текст