«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МЕКТЕПТЕ ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗІНДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІҢ ТІЗІМІ

 "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 103) тармақшасына сәйкес

Балалар тағамына арналған тамақ өнімдерінде мыналар қамтылмайды:

      1) 0,2 %-дан асатын этил спирті;

      2) табиғи кофе;

      3) өрік тұқымының өзегі;

      4) сірке суы;

      5) диеталық емдік және диеталық профилактикалық төнімге арналған арнайы тамақ өнімдерін қоспағанда, тәттілендіргіштер.

      31. Балалар тағамы үшін тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде бензой, сорбин қышқылдары мен олардың тұздарын пайдалануға жол берілмейді.

      32. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде азық-түлік (тамақ) шикізатының мынадай түрлерін пайдалануға жол берілмейді:

      1) қайта мұздатылған жануарлар мен құстардың өнімдері;

      2) балық және балық емес кәсіпшілік объектілерінің қайта мұздатылған шикізаты;

      3) механикалық жолмен сүйектен сылынып алынған жануарлардың еті және механикалық жолмен сүйектен сылынып алынған құс еті;

      4) құс етінен жасалған құрамында коллаген бар шикізат;

      5) жануарлардың түрлі сіңірлі етінен, сондай-ақ мерзімі 6 айдан асатын субөнімдерден (бауыр, тіл, жүрек) жасалған мұздатылған блоктар;

      6) дәнекер және май тіндерінің салмақтық үлесі 20 %-дан асатын сіңірілген сиыр еті;

      7) майлы тіннің салмақтық үлесі 70 %-дан асатын сіңірілі шошқа еті;

      8) майлы тіннің салмақтық үлесі 9 %-дан асатын сіңірлі қой еті;

      9) бұқалардың, қабандардың және арық жануарлардың еті;

      10) бауырды, тілді, жүректі және қанды қоспағанда жануарлар мен құстардың қосымша өнімдері;

      11) суда жүзетін құстардың жұмыртқалары мен еті;

      12) диффузиялық қойылтылған шырындар;

      13) килограмм (бұдан әрі – кг) майдағы асқын тотығының саны белсенді оттегінің 2 ммоль-ден астам өсімдік майлары (зәйтүн майын қоспағанда); кг. майдағы асқын тотығының саны белсенді оттегінің 2 ммоль-ден астам зәйтүн майы;

      14) өсімдік майлары: мақта;

      15) гидрогенделген май мен майлар;

      16) ыстық дәмдеуіштер (бұрыш, ак желкек, қыша).

 

Жаңартылған күні: 24.01.2023 13:14
Құрылған күні: 17.10.2021 13:41

Текст