22 ақпан күні Ауғанстаннан әскерлер шығарылған күніне арналған "Бейбіт күнді бағалайық" дөңгелек үстелі мектебімізде Zoom платформасы арқылы өткізілді. 9 "Б" сынып оқушысы Аслан ұлы Хусейн(жетекшісі Тупико А.А.) мен 8 "А" сынып оқушысы Саткенова Жанель (жетекшісі Тайжахметова А.К.) өздерінің "Жастар бейбітшілік туралы" ой-пікірлерін ортаға салып, қатысушылармен пікір таласты. Дөңгелек үстелдің қонағы ретінде "Jana Urpaq Step" ҚҚ директоры Салимова Зарина @janaurpaqstep қатысып, қатысушыларға бейбіт өмір сүрудің маңыздылығы туралы және толеранттылық жөнінде ақпарат берді.
Ұйымдастырушы: Тайжахметова А.К.