«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Абай» атты бір періште келгенде, Тербеліпті ұлы қазақ даласы.

«Абай» атты бір періште келгенде, Тербеліпті ұлы қазақ даласы.

Абай- қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға. Ол туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Абай- қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай - әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға» -деді. 

Биыл – ұлы Абайдың 175 жылдығы. Өмірге келген күні 10 тамыз деген дерекке барша жұрт қанық. Бұл күн жыл сайын ел көлемінде аталып өтеді. Біздің мектебімізде де Абайдың 175 жылдығына түрлі іс-шаралар: кітап-көрмесі ұйымдастырылды, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ұлылардың ұлысы- Абай» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. 9 «В» сыныбында Абайтану курсы бойынша «Абай дана Абай дара қазақта» атты ашық сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты:  Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.  5 «А» сыныбында «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кеште Абай әндері қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдерінде шырқалды.

Абай өлеңдері әлемнің 33 еліне аударылды. Тек қазақ емес, басқа ұлт ұрпақтары Абайдан үлгі алуда. Оның мұрасы біз үшін үлкен – қазына.

Жаңартылған күні: 25.02.2020 13:24
Құрылған күні: 25.02.2020 13:24

Текст