Текст
А.М.Горький атындағы №2 орта мектепте ағылшын тілі декадасы өтті. Декаданың тақырыбы: Ағылшын тілі – заман талабы. Мақсаты: Оқушыларды ағылшын тіліне баулу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, лексикалық қорын арттыру, ағылшын елінің салт-дәстүрімен таныстыру. Онкүндік уақытында ағылшын тілі мұғалімдері Жекина А.К., Дуйсембина Г.Т., Каламова Л.К. ашық сабақтар өткізді. Ұйымдастырылған іс-шараларға оқушылар белсенділік танытып қатысты. Өлеңдер мен суреттер сайысы, тілектер күні, ағылшын халқының салт-дәстүрлері көрсетілді. Көркем еңбекпен ағылшын тілі кіріктіріліп ағылшын елінің тағамы пісірілді. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мухатаева В.К.