«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орыс тілі мен әдебиет пәні бойынша семинар

Орыс тілі мен әдебиет пәні бойынша семинар біздің мектепке де келіп жетті. Масленица күндері қонақтарды  дәстүр бойынша әдемі нан мен тұзбен  қарсы алдық. Бірақ, бастысы ашық сабақтар көрсету. Мұғалімдік жұмысқа құштарлығымен Колдомов Александр Сергеевич таңқалдырды. Оның сабағына ең жоғарғы баға берді: тапсырма –баспалдағы арқылы кейіпкер образын ашу алгоритмі көрсетілді, формативтік бағалаудың түрлі әдістері қолданды. Мұғалім мен оқушылардың бірігіп жұмыс жасау байқалды, сондықтан сабақ қойылған мақсаттарына жетті.

Мемлекеттік тілде оқу сыныптарында 6 сыныпта Наргужинова Айгуль Нурмухамбетова сабақ берді.  Сабаққа анализ жасау барысында сабақ басында қойылған мақсат біртіндеп орындалды, формативтік бағалау балалардың орыс тілін жақсы білетіндері, өз ойын қиналмай жеткізе алатындары көрсетті, электрондық оқулықпен жұмыс жасай алады. Үшінші сабақ жоғары санатты мұғалім Құдайбергенова Гүлдана Бейсенбаева өткізді. өз сабағына қорытынды жасау барысында ол ОЖМ курстарын өтпегенін, бұл мектепте 3 ай жұмыс жасап жатқанын атап өтті. Қонақтар бұған сене алар емес екендіктерін айтты. Сабақ жаңартылған білім беру мазмұнын барлық элементтерімен өтті, екіншіден мұғалім жаңа материалды оқыту және бекіту барысында цифрлік ресурстарды оңай қолданады.  Әріптестер мұғалімнің тәжірибесін өздеріне алатындарын айтты.

 

"Времен связующая нить" сыныптан тыс іс-шараның мақсаты ұлы Пушкин мен дана Абай ұрпақтарында генетикалық салынған азаматтық ұстаным: Отанды фашистен қорғау туралы ой болды.

Әдеби-тарихи музыкалық, хареографиялық композиция Мергенбаева Роза Ислямовна жұмыс істейтін сынып оқушылары орындады. 8 в сынып оқушыларының жүргізушілері Абай және Пушкиннің немере мен шөберелері туралы айтып, өз рөлдерін жақсы атқарып шықты. Абайдың 7 ұрпағы соғыста қайтыс болды, Александр Пушкинның шөберелері ауыр жарақат алды, бірақ соғысқа қайта-қайта оралды. М.И Блантер «Журавли» әніне биді мектеп психологы Бровкина Елена Павловна мен Колдомов Александр Сергеевич және 4 пен 9 сынып оқушылары орындады.

 Р. Рождественскийдің "Реквиема" үзіндісінен  үзіндісін 4 сынып оқушысы Советова Аяулым, М.Джалиль «Варварство» 9 сынып оқушысы Жуманова Жанель «Катюша» әнін 8 в класс орындады. Фенько Никитаның анасы – Горобец Наталья Васильевна «Десятый наш десантный батальон» әнін тамаша орындады. Дайындық бекер болған жоқ мұғалімдер мақсаттарына жетті, ол туралы қонақтар атап өтті. Бір минут үнсіздік семинардың нүктесін қойды.

 

Жаңартылған күні: 27.02.2020 11:39
Құрылған күні: 28.02.2020 08:29

Текст