«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қалалық тарих семинары

2023 жылғы 16 ақпан күні «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММде тақырыбы: «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту құралы ретінде тарих сабағында сандық білім беру ресурстарын пайдалану» атты тарих сабағынан семинар өтті.
Мақсаты: Сандық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.
    Семинарды мектеп басшысы Капизина А.Е.ашты.
   6 «А» сыныбында «XIII - XV Қазақстан мәдениеті» тақырыбы бойынша мемлекеттік тілде (тарих пәнінің мұғалімі Хумар Хуантхан)  және орыс тілінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы» тақырыбы бойынша  9 «В» сыныбында (Черткова А.А.) сабақтар өткізілді. Сабақтардың ҚМЖ заманауи талаптарға сай құрастырылған. Заманауи сабақ – бұл тек тереңдетілген бағдарлама бойынша  ҚМЖ  дайындау ғана емес, ол бүгінгі сабақтағы тарих пәнінің мұғалімдері көрсеткен сандық білім беру ресурстарымен байланысты заманауи педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, жоспарды жүзеге асыру. Содан кейін  «Сабақ барысында технология қолдану» (ағылшын тілі мұғалімі Жекина А.Қ.)  және «Сабақта сандық білім беру ресурстарын пайдалану» коучингі (мұғалімі Құдайбергенова Г.Б. орыс және ағылшын тілдері мұғалімі) өткізді.Білім бөлімінің әдіскерлері  Шаймерденова А.А., Абуова Ж.А. және тарих мұғалімдер сабақты жоғары бағалап,өткен тарих пәні сабағындағы мұғалімдердің  қолданылған оқыту ерекшеліктерін атап өтті.
ҒӘЖ орынбасары Әбділдина А.С.

       

Жаңартылған күні: 20.02.2023 17:25
Құрылған күні: 20.02.2023 17:36

Текст