Текст
30.09.25. Степногорск қ. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім өкілдері 10–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Олар әскери мекемелер туралы айтып, түрлі институттар жайлы бірнеше бейнеролик көрсетті.
Оқушылар әскери салаға байланысты мамандықтармен, арнайы оқу орындарына түсу ережелерімен және түлектерге ашылатын мүмкіндіктермен танысты. Әскери қызметшілердің күнделікті өмірі мен Отанды қорғаудағы қызметінің маңызы жайлы әңгімелер ерекше қызығушылық тудырды.
Кездесу барысында оқушылар бөлім өкілдеріне сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Мұндай кездесу жоғарғы сынып оқушыларына көзқарастарын кеңейтуге, болашағы жайлы ойлануға және әскери мамандықты таңдауды қарастыруға мүмкіндік берді.