28.08.2026
Ақмола облысының білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2025–2026 оқу жылы түлектерінің жетістіктерін зор мақтанышпен атап өтеді.
🏆 Юсуп Амир
Еуразия ұлттық университеті
Білім беру бағдарламасы: «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі»
🏆 Балташ Әлішер
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Білім беру бағдарламасы: «Химия»
✨ Мемлекеттік білім грантының иегері атанған түлектерімізді айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – түлектеріміздің табанды еңбегінің, білімге деген ұмтылысының, ата-аналардың қолдауы мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Құрметті түлектер! Сіздер – мектебіміздің мақтанышы, үміті мен жарқын болашағысыздар. Алдағы студенттік өмірлеріңіз жаңа білімге, мол мүмкіндіктерге және толағай табыстарға толы болсын!
Ұстаздары мен ата-аналарына өскелең ұрпақтың білім алып, биік белестерді бағындыруына қосқан үлестері үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Болашаққа басқан қадамдарыңыз нық болып, алар асуларыңыз биік болсын! Ақ жол!
