«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп тарихы

               Мектеп... Менің мектебім ... Бұл сөздер әр адамның жүрегін жылы сезімге бөлейді ... Біздің жадымызда мектеп – бұл сыныптар, бормен жазылған тақта, алғашқы махаббат, қатаң мұғалімдер, ата-аналардың береген өсиеттері.. 

1966 жылы 1 қыркүйекте екінші жалпы білім беретін мектеп есігін айқара ашып Степногорск қаласындағы А. М. Горький атындағы № 4 мектеп деп аталады. Мектеп ауласында бірінші директор Стечева Екатерина  Ивановна және алғашқы оқу ісінің меңгерушісі Новикова Пана Ефимовна өз тәлімгерлерін қарсы алды. Алғашқы мектеп бітірушілер 1967 жылдың мамырында аяқтады. Мектептің үш түлегі-Вавилов Анатолий, Екомасов Александр және Яковлев Юрий-өз еңбектері үшін алқа алды. Анатолий-алтын. Александр мен Юрий-күміс алқа алды.

Мектеп түлектері мен мұғалімдерінің ұзақ жылдар бойы өздерінің барлық күштерін, білімдерін, даналығын, тәжірибесін, мейірімділігін берген мектеп басшыларының есімдері мәңгілік естерінде. Олар: Животова Антонина Дмитриевна, Пасечник Галина Андреевна, Ханина Эльвира Георгиевна, Сорокина Тамара Никитична, Баяхметова Куралай Толеубаевна, Шевелева Валентина Николаевна, Изтелеуова Гаухар Темирбековна.  Оларға педагогикалық саладағы адал еңбегі үшін шын жүректен үлкен алғыс айтқымыз келеді.

Қазіргі уақытта біздің мектеп түлектері еліміздің және шетелдердің кәсіпорындары мен ұйымдарында абыроймен еңбек етуде. Біздің қаламыздың мақтанышы В. К. Рябчевский (1975 жыл мектепті аяқтады), ол көптеген жылдар бойы директор қызметін атқаруда.

1975 жылдың тағы бір түлегі И. А. Фотлер (Федоровская) «Горняк» ОМҮ-де көркемдік жетекшісі болып жұмыс істейді.  Б. М. Сагадиев (1972ж. шығарылым) ұзақ уақыт бойы «Степногорск Автотранс» ЖШС-ны басқарып келеді. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай белсенді қоғамдық қызметі, мемлекет алдындағы еңбегі үшін 2006 жылдың желтоқсанында «Ерең еңбегі үшін» атты Үкімет марапатына ие болды.

Біз туған мектебіміздің өсіп-өркендеуін және тамаша оқушыларды шын жүректен тілейміз!

Жаңартылған күні: 14.03.2019 08:35
Құрылған күні: 30.11.2020 08:38

Текст