«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

А. М. Горький атындағы № 2 орта мектеп асханасында оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру

А. М. Горький атындағы № 2 орта мектеп асханасында оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру

Мектепте білім алушыларды тамақтандыру процесін толыққанды ұйымдастыру үшін тамақтану сапасына мониторинг жүргізу тәртібі, оны іске асыру нысандары бекітілді, мектеп қызметкерлері мен ата-аналар қоғамдастығының ішінен жауаптылар тағайындалды. Бекітілген тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жоспарына сәйкес келесі жұмыстар жүргізілуде:

  • Тамақтану мониторингі жөніндегі комиссия төрағасы және бақылау кестесіне енгізілген мүшелері тамақтану кезінде, асхананы тексеру мақсатымен мезгіл сайын мониторинг жүргізеді, бұл актімен расталған. Білім алушылардың мектепте ыстық тамақпен тамақтануы және ас мәзірінен ауытқулар анықталған жоқ.
  • Күнделікті медицина қызметкері дайын тағамдардың сынамаларын алуды жүргізеді. Он күнде бір рет тамақ дайындаудың технологиялық картасы бар сәйкестігін бақылау жүзеге асырылды, ол туралы бракераж журналында жазбалар бар.
  • Медицина қызметкері ас блогының санитарлық жай-күйін, ыдысты жууды, жүргізілетін жалпы тазалаудың сапасын күнделікті көзбен шолып бақылау жүргізеді, ол туралы журналға жазба жасалады. Шағымдар болған жоқ.
  • Ас блогының персоналын үнемі тексеру іріңді және басқа да аурулардың болмауын көрсетеді. Тиісті жазбалар ас блогы қызметкерлерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналына жазылады.
  • Мектептің әлеуметтік педагогы ата-аналар қоғамының жауапты өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылған ыстық тамақпен қамту санына апта сайын мониторинг жүргізеді. Мектеп оқушыларының ұйымдастырылған тамақтану кестесі ауыспайды.
  • Комиссия мүшелері, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері мен медицина қызметкерлері дұрыс тамақтанудың пайдасы және жеке гигиенаны сақтау қажеттілігі туралы оқушыларға үнемі түсінік береді.

    

Әлеуметтік педагог                                  Б.Аканова

 

 

 

Жаңартылған күні: 26.02.2019 14:48
Құрылған күні: 26.02.2019 14:58

Текст