«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектеп Парламентінің" президентін сайлау


17-22 қыркүйек аралығында "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де сайлау алды жұмыс жүргізілді, ал 23 қыркүйекте оқушылар мен мектеп қызметкерлері арасынан 305 сайлаушы "Мектеп парламентінің" президент сайлауына қатысты. Президент лауазымына 4 үміткер ұсынылды: Аманбаева Әлия 10 "А" сыныбы, Жақыпова Аружан 10 "А" сыныбы, Бикқулов Ренат 8 "В" сыныбы және Әбусыдықов Нұржігіт 9 "А" сыныбы. Кандидаттар өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларын ұсынды және 5-10 сынып өкілдерімен кездесу өткізді, онда әрбір тілек білдіруші кандидаттарға қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Сайлау өткізу үшін сайлау комиссиясы құрылды, құрамында оқушылар, педагогтар және колледж студенттері қатарынан 5 адам тағайындалды.

Сайлау күні арнайы дайындалған сайлау учаскесінде кезек тәртібімен және санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып, сайлаушылар өз таңдауын жасады.

2021 жылғы 24 қыркүйекте Министрлер Кабинеті мен "Мектеп парламентінің" президенті ұлықтау рәсімінде сынып активтерінің қатысуымен өз атағын мақтанышпен көтеруге және өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындауға ант берді.

Жаңартылған күні: 28.09.2021 16:21
Құрылған күні: 28.09.2021 16:21

Текст