«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ ЖОЛДАУЫ ТУРАЛЫ

2023 жылдың қыркүйек айының бірінші жұлдызы Қазақстан халқы үшін ерекше күн болды. Мемлекет басшысы білім күні халыққа жолдау жасады. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 ЖОББМ» мектебінің ұжымы да осы жолдауды толықтай тыңдап, талқыладық. Осының ішінде ұлт болашағын тәрбиелеп отырған адам ретінде жолдаудағы білім саласына қатысты көптеген реформаларды қолдап, білімді ұрпақты ел болашағының тірегі етіп шығарудағы міндетіміз артты.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың « Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады» - деген сөздері мемлекетіміздегі барлық білім алушылардың білім алудағы материалдық техникалық базасын теңестіріп, шағын жинақталған мектептерге де оқушылар үшін жайлы жағдай жасалатынына сенім артып, ұжым болып қуандық.

«Мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажет деп санаймын. Мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн» деген сөздерде мектеп формасының қолжетімді болуы отандық өндірісті дамыту арқылы шешімін табатыны біз үшін де, ата аналар үшін де көңіл қуантар үлкен мәселе болды.       

«Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет.», - мұғалім мәртебесінің біршама арттырған еліміз үшін алғысымызды білдіре отырып алдағы уақытта болатын жағымды өзгерістерге дайын екенімізді сезініп отырмыз. Өзгеріс елімізді өркендеу мен жаһандануға әкеледі.

         Әділетті Қазақстанды құру ісі енді басталса,  таңдаған жолымыздан айнымай, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! 

                                   

Жаңартылған күні: 09.10.2023 16:51
Құрылған күні: 09.10.2023 16:51

Текст