«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«А. Байтұрсынұлы атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және демалыс кезеңдерін айқындау туралы

         «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және қазақстан Республикасы және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазанындағы №604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі №368 бұйрығының негізінде, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының 2021 жылғы 29 шілдедегі №278 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:
  1. 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйек;
  2. оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 сыныптарда – 34 оқу аптасы;
  3. оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 сыныптарда: күзгі демалыс – 7 күн (2021 жылғы 01 – 07 қараша), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 09 қаңтар аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19 – 30 наурыз аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 07 – 13 ақпан аралығында).

  1. Осы бұйрықтың орындалуын басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары Д. М. Абдиловаға, ТЖ жөніндегі орынбасары Н. Т. Алпыспаеваға жүктелсін.

       Басшысы                                                                                   А. Капизина

 

Жаңартылған күні: 28.09.2021 11:42
Құрылған күні: 28.09.2021 11:42

Текст