Текст
2023 жыл 5 қыркүйекте қазақ тілі мен әдебиетінің негізін салушы, қоғам қайраткері, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 151 жыл толды.
Біздің №2 мектебіміз ақын, ғалым А. Байтұрсынұлының атында. Бүгін мектебімізде Тілдер онкүндігінің ашылуына орай салтанатты іс шара өтті. Онкүндіктің ашылуы Ұлт ұстазының туған күніне сәйкес келді. Біздің оқушыларымыз ақынның өлеңдерінен, шығармаларынан үзінділер оқыды. Тілтанушының өмірбаянын әңгімеледі.
Тілдер онкүндігінің жоспарымен таныстырылды.