«15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне» арналған «Отбасы тәрбиесі-өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі» тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершілігін және балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру мақсатында өткізілген жиналысқа Степногорск қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің инженері аға лейтенанты Алпысова М.Р. қатысты. Жиналыс барысында ата-аналарға балалардың өмір қауіпсіздігінің алдын алуына арналған бейнероликтер көрсетілді. Мектеп директоры Жанабек Серикулы барша ата—аналарды, мектеп өміріне ат салысқан қамқоршылық кеңес мүшелерін және ата-аналар комитеттерін «Халықаралық Отбасы күнімен» құттықтап алғыс білдірді. Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Динара Муратбековна «Балалардың үйдегі және түздегі қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама оқыды.