«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

26.02.2026

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

1. Жалпы ережелер

Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер:
«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Заңды мекенжайы: Степногорск қаласы, 2-шағынаудан, №14 ғимарат.

1. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 13 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

 

2025 жылы барлығы 236 қызмет көрсетілді:

 

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (403003) – 89, оның ішінде ЭҮП – 53; қағаз түрінде – 36.

 

Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына құжаттарды қабылдау және мектепке қабылдау (403002-1) – 31.

 

Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау (403004) – 3, оның ішінде ЭҮП – 3.

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету (403010) – 52, қағаз түрінде.

 

Балаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау (403017) – 54, оның ішінде:ЭҮП – 51, қағаз түрінде – 2, қызмет алушымен тікелей байланыс арқылы және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түрде (АЖ) – 1.

 

Педагогтарды аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау (803018) – 2 (АЖ).

 

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру (803005) – 3, оның ішінде ЭҮП – 3.

 

Педагогтардың бос немесе уақытша бос лауазымға конкурсқа қатысуы үшін құжаттарды қабылдау – 2 (АЖ).

Мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

Электрондық үкімет порталы арқылы – 110

Қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы (ЭҮП, www.elicense.kz қоспағанда) қызмет алушымен тікелей байланыс жасап, өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түрде – 5

Қағаз түрінде – 121

 

2024 жылы Степногорск қаласының №2 ЖОББМ КММ 264 қызмет көрсетті:

 

Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (403003) – 84, оның ішінде: ЭҮП – 24; қағаз түрінде – 11; АЖ арқылы – 49.

Үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау (403004) – 3, оның ішінде ЭҮП – 3.

Қаржылық және материалдық көмек көрсету (403010) – 69, қағаз түрінде – 69.

Балаларды білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау (403017) – 90, оның ішінде: ЭҮП – 56; қағаз түрінде – 2; АЖ арқылы – 32.

Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру (803005) – 7, оның ішінде: ЭҮП – 7.

Педагогтарды аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау (803018) – 11, қағаз түрінде – 11.

Мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

Электрондық үкімет порталы арқылы – 90

Қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы ЭҮП, www.elicense.kz қоспағанда) – 81

Қағаз түрінде – 93

 

 

 

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

 

2. Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

 

Балаларды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;

 

Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;

 

Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;

 

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

Мектепалды сыныпқа құжаттарды қабылдау және қабылдау;

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету;

Педагогтарды аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау.

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен қол жеткізу орындары туралы мәліметтер.
Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім басқармасының http://sc0002.stepnogorsk.aqmoedu.kz/ ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Сонымен қатар, мектептің ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ілінген. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).
Ай сайын мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары және қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы жүргізіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша, 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу жағдайлары тіркелген жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету талаптарының бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет алушылардың қанағаттанушылығын жоғарылату перспективалары

2026 жылы Степногорск қаласының №2 ЖОББМ КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.

 

Просмотров: 646


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст