«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есеп

04.08.2022

           

«А. Байтұрсынұлы атындағы №2 ЖОББМ» КММ жаңа оқу жылына дайындық аясында келесі іс-шаралар жүргізілді:

  - оқу кабинеттерінде, жуынатын бөлмелерге және дәліздерге ағымдағы косметикалық жөндеу жұмыстары - төбелерді әктеу, қабырғаларды сылау және сырлау, терезе беткейлерін жөндеу, линолеумды, шамдарды ауыстыру, жалюзи, оқу тақталарын сатып алу.

Оқу бөлмелердегі есіктерді ауыстыру жоспарлануда. Мектебіміздің түлегі Денис Владимирович Савельев демеушілік көмек көрсету арқасында кіреберіске металл пластикалық есіктері орнатылды.

Оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларын қосымша жабдықтау шаралары қабылданды.

Лингофондық-мультимедиялық кабинет, 8 (сегіз) оқушы жиһаз жиынтығы, робототехника жиынтығы, тігін машиналары, Мемлекеттік рәміздерге арналған көлемді стенд сатып алынды.

Мектеп әкімшілігінің алдында жаңа оқу жылының басына дейін жіті респираторлық вирустық инфекциялардың, сондай-ақ жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау үшін оқушылар мен мектеп ұжымына санитарлық нормаларға сәйкес барлық жағдай жасау міндеті тұр, осыған байланысты дезинфекциялық және жуғыш заттар алынды. Барлық қызметкерлер мерзімді медициналық тексеруден өтті.

 

Просмотров: 292


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст