Текст
15.05.2026
Аталған жиындарға мектебіміздің 10-сынып оқушылары арасынан 11 оқушы қатысты. Іс-шара барысында оқушылар практикалық дағдыларын жетілдіріп, тәртіпке, жауапкершілікке және ұжымдық жұмысқа бейімделді.
Далалық жиындарды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы Шалекеев Таймас Оралович жетекшілік етті.
Жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.
