«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

31.03.2026

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

📣 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау туралы ақпаратпен танысуларыңыз маңызды!
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жаңа нұсқаулығына сәйкес (2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хаты), биыл құжаттарды қабылдау мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.

📅 Қабылдау кестесі (өңірлер бойынша)
Құжаттарды қабылдау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
🔷 27 мамыр – 31 тамыз: Астана қаласы, Абай облысы, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы
🔷 10 маусым – 31 тамыз: Алматы қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы
🔷 18 маусым – 31 тамыз: Алматы облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Шымкент қаласы
🔷 29 маусым – 31 тамыз: Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы

❗ Маңызды: Ақмола облысында (соның ішінде Степногорск қаласында) құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымнан 31 тамызға дейін жүргізіледі.

💻 Өтініш беру тәсілі
Өтініш «Электрондық үкімет» порталы арқылы беріледі: egov.kz

📄 Қажетті құжаттар:
✅ Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден өтініш;
✅ Баланың 3×4 см сандық фотосуреті;
✅ Баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/у нысаны)
(2025 жылдан бастап бұл құжат eGov порталында электронды форматта қолжетімді);
✅ Профилактикалық егулер картасы (№ 065/у нысаны);
✅ ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда).

⚠️ Маңызды:
1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.

📌 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту себептері:
– сыныптардың толып кетуі;
– құжаттар топтамасының толық болмауы немесе ұсынылған мәліметтердің шынайы болмауы.

📞 Қосымша ақпарат алу үшін
Мектептің қабылдау бөліміне хабарласыңыз:
☎️ 7-93-45

Құрметті ата-аналар, балаңызды мектепке уақытында тіркеуге үлгеріңіздер!

Просмотров: 978


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст