«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі  Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
  Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 имени Ахмета Байтурсынулы   города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Прокурор сағаты» өтті

12.12.2025

"Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара — «Прокурор сағаты» өтті. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың заңға деген құрметін қалыптастырып, азаматтық жауапкершілігін сезінуге ықпал етеді.

Іс-шараның құрметті қонақтары:

* Степногорск қаласының прокуроры – Нұрмаханов Елдар Қазыбекович;

* Степногорск қаласы прокуратурасының прокуроры – Жанысбекова Алуа Айдарқызы;

* Степногорск қаласы білім бөлімінің басшысы – Оспанова Алтын Қабдрашитовна.

Қонақтар оқушыларға қолданыстағы заңнама, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары, азаматтың жауапкершілігі мен құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы рөлі туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ заңды құрметтеу мен азаматтық міндетті орындаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Іс-шараның екінші бөлімінде мектеп мұғалімдері — тарих және құқық негіздері пәндерінің ұстаздары Четкова Анна Александровна мен Зеитова Гүлім Маратовна жүргізген ақпараттық-интерактивтік бөліммен жалғасты. Олар:

«Конституциямен танысу: азаматтың құқықтары мен міндеттері. Мемлекет қызметіндегі азаматтың рөлі»

тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.

Осы интерактив кезінде 6–11 сынып оқушылары практикалық тапсырмаларды орындап, өмірдегі нақты жағдайларды талдады. Интерактив оқушыларға Конституция нормаларын терең түсінуге және әр азаматтың мемлекет дамуындағы орнын сезінуге мүмкіндік берді.

Іс-шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, пікір алмасу белсенді түрде жалғасты. Мектеп әкімшілігі қонақтарға және мұғалімдерге оқушылардың құқықтық тәрбиесіне қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Просмотров: 152

Добавить комментарий

Включить данные в подпись

Текст