Өзіңіздің мейірімділігіңізбен, біліміңіздің арқасында, сіз тек үйретіп қана қоймай, шабыттандырып отырасыз.
Жикенова Махаббат Сарсенбаевна - жауапты, шығармашыл, сауатты, балаларды сүйетін бастауыш сынып мұғалімі.
Біздің мектептің мақтанышы, біздің күшіміз, біздің шабытымыз.
Нағыз мұғалім бар жерде болашақ бар.
Мықты мұғалім күшті мектеп жасайды. Біз сізбен мақтанамыз!
Махаббат Сарсенбаевна түрлі байқауларға белсенді қатысады.
2024-2025 оқу жылында «Алтын тұғыр» республикалық байқауы қалалық деңгейде 2 орын алады.
2024-2025 оқу жылы - 3 орын облыстық деңгей «Алтын тұғыр» республикалық байқауы.
Сондай-ақ, қалалық деңгейде «Үздік педагог» -2025 байқауына белсене қатысты.
Махаббат Сарсенбаевна, Сіздерге кәсіби жетістіктеріңіз бен мектептің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!
Сіздердің табыстарыңыз - біздің мақтанышымыз.
Жаңа жеңістер, шабыт және лайықты танылу тілейміз.