ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ
ИНСТИТУТЫ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ
КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ»
ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ
РАБОТНИКОВ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ONLINE СЕМИНАРЫ «ОРТА БІЛІМ
БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ:
МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШІМДЕР»
БАЯНДАМАЛАР
ЖИНАҒЫ
СБОРНИК СТАТЕЙ
РЕСПУБЛИКАНСКОГО
СЕМИНАРА В РЕЖИМЕ
ONLINE«ОБНОВЛЕНИЕ СОДЕРЖАНИЯ СРЕДНЕГО
ОБРАЗОВАНИЯ: ПРОБЛЕМЫ И ПУТИ РЕШЕНИЯ»
БАСТАУЫШ
МЕКТЕПТЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ
ЖҮЙЕСІ
Ахетова Багдат
Тураровна,
бастауыш
сынып мұғалімі
А.М. Горький атындағы
№2 ОМ Степногорск қаласы
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің
қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің
қатарына жеткізетін, терезесі тең ететін – білім»
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев
Биылғы
2016-2017 оқу жылының 1-қыркүйегінен бастап республикамызда бастауыш білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша білім мазмұнын жаңарту
жұмысын бастады. Ел болашағы- білімді, саналы, парасатты ұрпақтың қолында.
Еліміздің экономикасын, әлеуметтік жағдайын әлемдік деңгейге жеткізу, жаңа
технология мен экономиканың қарқынды дамуына үлес қосатын жаңа тұлғаны
қалыптастыру. Жаңа заман талабы- топта жұмыс істей алатын, сыни ойлайтын,
зерттеу дағдылары, бағалау мен анализдеу және тағы басқа дағдыларға ие оқушыны
қалыптастыру. Бұл дағдыларды жүзеге асыру үшін оқушылардың білімін бағалауда
мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындады. Ол жаңа бағыттардың бірі
– критериалды бағалау.
Критериалды бағалау – бұл оқушылардың білім
мазмұны мен мақсаттарына сай, оқутанымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші
болатын, анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процессінің барлық
қатысушыларына алдын ала белгілі критийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін
салыстыруға негізделген процесс.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты мектепте
оқыту сапасын жоғарылату. Мектеп оқушыларының білімін халықаралық стандартқа
сәйкестендіру.
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға
қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы
бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту
мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою
және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын
шығару үшін қажет.
Критериалды
бағалаудың маңызы:
Мұғалімдерге:
1.
Сапалы нәтиже
алуға бағытталған критерийлер
әзірлеуге;
2.
Өзінің іс-әрекетін
жоспарлауға және талдауға
жедел түрде ақпарат алуға;
3.
Білім беру
сапасын арттыруға;
4.
Оқытудың сапасын
жақсартуға;
5.
Әр оқушының
жеке ерекшеліктері мен
қабілеттерін ескере отырып, жеке
оқытутраекториясын құруға;
6.
Бағалаудың түрлі
тәсілдері мен құралдарын
қолдануға;
7.
Оқу бағдарламасын жетілдіруге
ұсыныстар енгізуге мүмкіндік
беред.і Оқушыларға:
1.Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін
оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
2. Өз
нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және
түсінуге;
3. Өзінің
және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
4.Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін
қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік
береді.
Ата-аналарға:
1. Өз
баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
2. Баланың
оқудағы прогресін қадағалауға;
3. Оқу
үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
4. Мектеп
әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
5. Баласының
мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; анық, айқындылығы, бағаның әділдігі,
өзін–өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды
бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді
«төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз ісәрекетіне
баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. Мұндай бағалау
кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері
бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастыру.
Оқу мақсатына сәйкес қай жерде жетістікке
жетті, және неге көңіл бөлу керектігі анықталады және сол оқушымен оқу
мақсатына жету үшін жеке жұмыс жүргізіледі. Оқушылардың оқу жылы бойындағы
жасаған жұмыстары, жеке жетістіктері портфолиоларға жинақталады. Әр тоқсан
басында және тоқсан ортасында ата-аналарды оқу мақсаттарымен таныстырып,
оқушының жеке жетістігі туралы есеп беріліп отырады. Оқу мақсатына жетпеген оқушыларға
қай жерде көмек көрсетіп, көңіл бөлу керектігі ескертіліп отырады. Ең бастысы
сабаққа қатыспай қалған оқушы болмайды. Әрбір оқушы сабақта өздігінен ізденеді,
ойлайды, бір-бірімен емін-еркін қарымқатынас жасай алады. Критериалды
бағалау жүйесінің тиімділігі: заман талабына сай бәсекеге қабілетті,
білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық
тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны
қалыптастырады; жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі
қарай дамытады; оқушылардың білім сапасын арттырады;
оқушының
тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір
бағалау жолы;
тұлғаны өзіндік
жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау
жүйесі.
Бүгінгі таңда мектептерде 1 сынып оқушыларының білімі – қалыптастырушы және жиынтық бағалау
негізінде бағалануда. Қалыптастырушы
бағалау – оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау – оқытуды бағалау болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау – бұл білім алушылардың оқудың қандай сатысында
тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек
екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын мәліметтерді іздеу
мен түсіндіру үрдісі. Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын,
сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін
бағалау) маңызы – білім беруді,
әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты–
оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру
стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері
байланыс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы,
бұдан арғы ісәрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді
қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру.
Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту,
жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы
сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың
ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут
болуы мүмкін. Сабақ барысында
қалыптастырушы бағалаудың
формальді, формальді емес
әдістерін тиімді әрі жүйелі
қолдану қажет. Формальді бағалау әдісі
нақты оқу мақсатына негізделіп
жүргізіледі. Дескрипторлар мен бағалау критерийлері тапсырмаға сай құрылып,
оқушы білімінің нәтижесі ауызша немесе жазбаша түрде «мақсатқа жетті»,
«талпынады» деген бағалау түрі бойынша қорытындыланады. Формальді емес қалыптастырушы
бағалау әдісі белгілі бір талаптарға сай ауызша немесе жазбаша жүргізіледі. Бұл
қалыптастырушы бағалауда оқушы білімінің нәтижесі «мақсатқа жетті», «талпынады»
деген бағалау түрлері бойынша емес , ауызша мадақтау немесе белгілі бір шартты қимыл арқылы
қорытындыланады.
Мен өзім жұмыс жасап жатқан мектебімде
биылғы жылы төрт бірінші сынып оқушылары
қабылданып, жаңартылған бағдарлама бойынша білім алып жатыр. Осы сыныптарда
жұмыс істеп жатқан мұғалімдердің барлығы арнайы курстарды бітіріп, өз
білімдерін жетілдірген.
Критериалды
бағалауды заман талабына сай тиімді әрі
орынды қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде келтіріп, оны тәжірибе барысында
қолданып жүр.
Критериалды бағалау әдісі арқылы бастауыш
сынып оқушыларының білімге қызығушылығын
оятып, белсенділігін арттырудағы мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып оны
жүзеге асыру жолдары қарастырылған.
Мұғалімдер
сабақтарында оқушылардың үйренгенін
үнемі жинақтап отырады, өйткені, оқушылардың оқу үлгерімін тиімді
бағалауды түсіну, олардың бұдан былайғы оқуда алға жылжуларының ажырамас бөлігі
болып табылады. Бірақ бұл сыныпта қолданылатын бағалаудың жалғыз тәсілі емес.
Түсінгендіктерін көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі
құрал ретінде пайдаланады. Мысалы:Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар,
оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін,
жасыл = барлығы түсінікті).
Оқушылар
бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге
көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады. Сыныптастары
бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды. Басында
балалардың барлығы жасыл түсті көрсетуі мүмкін. Содан кейін өз қателерін тауып,
дұрысын дәлелдей алмағандар сары немесе қызыл түсті көтеріп жатады. Бағалаудың өзіндік қиындықтары да
байқалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді. Ол жағдайда
оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің
қаншалықты түсінгені көрсететінін айтып өткен жөн. Критериалды бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінің
артықшылығына сын көзбен қарайтын болсақ:
Оқушының
жетістік деңгейін нақты сипаттайды;
Білімге деген
ынтасын арттырады;
Баланың өзіне
деген сенімділігі артып, жауапкершілікті сезінеді;
Оқушының өзін
өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес, кез келген өмірдегі
болып жатқан қайшылықтарға өзіндік
бағалау жүргізе алатын тұлға қалыптасады. Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы
мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады.
Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру
дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып
табылатын барлық тұстарды бағалауды
талап етеді.
Қорыта айтқанда,
критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын
белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы
нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу
динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды
дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды
бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде
қолдануымыздан көз жеткізуге болады.
Біз үнемі
өзгеріп, дамып жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан уақытпен бірге
қадам басу үшін жұмысты жетілдіріп, үнемі өзгеріс енгізіп, дамып отыру
қажет. Ізденімпаз, жаңашыл
ұстаздарға арналған халқымыздың ұлы ағартушысы
А.
Байтұрсыновтың: "Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя
алады", - деген сөзіне назар аударуымыз қажет. Сондықтан бұл бағдарлама
бала тәрбиесіне және оларды біліммен қаруландыруға жол ашады деп білемін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының
бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. 2012. 2.
Білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық Педагогикалық оқулары «
Педагогтің кәсіби өсуі - білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты»
баяндамалар жинағы, Алматы, 2013 ж., І бөлім, 482 б.