Аужанова Айнұр Хаметқызы, қазақ тілі
және әдебиеті мұғалімі, санаты жоғары
Педагогикалық іс-тәжірибемен бөлісу
«Жаңа формацияның мұғалімі
қажет.
Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі
жөнінен әрдайым саналып келгеніндей
біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс
– бұл уақыт талабы»
Н.Ә.Назарбаев
Кіріспе
Қазақстандық
білім беру жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі – инновациялық технологиялар
арқылы оқушылардың құзырлығын қалыптастыра отырып, олардың өзіндік
мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу болып отыр.
«Мұғалімнің айналысатыны
- үнемі қозғалып, өсіп-өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі
әдістен табаналмай шектеліп қалуға болмайды.. Сабақ беру - жәй үйреншікті шеберлік емес, ол – үнемі
жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деген ұлттық зиялы қауым өкілі, ғалым Ж.Аймауытовтың
сөзі мұғалімдерге жүктелген үлкен
аманат іспетті.
Тiл мен әдебиет -
кез келген танымдық iс-әрекеттердiң құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың
негiзi болып саналатындықтан, мектеп оқушылары тiлдiң үш түрлi қызметiн:
теориялық мәселелердiң практикалық дағдының базасы болатынын пайымдауға
үйрететiн бiлiмдiк қызметiн; жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани
мұраларды тiл арқылы меңгеруге болатынына және өз ойын жеткiзудiң, өзiн-өзi
тану мен өзгенi танудың бiрден-бiр құралы тiл екендiгiне көз жеткiзетiн
танымдық қызметiн алған бiлiмдi практикалық тұрғыда қалай қолдану iскерлiктерiн
жетiлдiруге бағыттайтын коммуникативтiк қызметiн меңгерту – бүгінгі күннің
өзекті мәселесі. Олай болса, жалпы бiлiм беретiн мектептердегi жаңа бiлiм
мазмұнының өзегiне алынған Мәдениет – Бiлiм – Тарих үштағаны қазақ тiлi пәнiнiң
мазмұндық-құрылымдық жүйесiн жетiлдiруде
басты тiн деп саналады. Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында:
...жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту мәселелері
қарастырылған. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,
жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту»,- деген тұжырымдар бүгінгі білім берудің
мақсаттары мен міндеттерін ғана емес,
тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды. Білім беру жүйесіндегі
күнделікті өзіміз куә болып жүрген түбірлі жаңғырулар ескірген әдіс-тәсілдер
емес, жаңа инновациялық технологияны меңгеру, содан іздену арқылы жүзеге асады.
Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында
педагогикалық оқытудағы технология және инновация ұғымдары терең тамыр жайды.
Бұл ұғымдар педагогикалық мақсатқа пайдаланатын барлық инструменталдық және
методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. Тіл
мен әдебиетті тиянақты, әрі жүйелі түрде үйрету үшін мұғалімдер оқытудың жаңа технологияларын
тиімді пайдалана білуі қажет.
Жаңа технологияны пайдаланудағы
ең басты шарттарының бірі – осы технологиямен толық қаруланған мұғалім.
Жаңа технологияны жақсы
меңгеруі мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық
және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Мен өз
сабақтарымда оқушылардың білім алу жолында нақтылық, тұжырымдылық
принциптерінің дұрыс жолға қойылуы үшін, практикалық және теориялық білім
деңгейін көтеру үшін оқытудың өнімді түрін табу жолында жан- жақты ізденемін. Білім сапасын арттырудың
бір кепілі– ғылыми- әдістемелік жаңалықтармен танысу, оны меңгеру жолында
мектепішілік, қалалық, облыстық курс,семинар, конференцияларға қатысып, үнемі
ой- пікіріммен бөлісемін.
Жас ұрпақты оқу –
тәрбиенің нәрімен сусындандыруда білім беру саласының үздік ұстанымдары, озық іс – тәжірибелерін
басшылыққа алып жеке тұлғаның өзіндік сенімін арттыру, дарынын дамыту, қабілетін нығайту, өз бетімен
жұмыс жасауына жағдай туғызу - ұстаздық парыз. Оқушы мен мұғалімнің
іскерліктері шығармашылықпен байланысты. Шығармашылық - ізденімпаздықтың
бастамасы.
Өзімнің
әдістемелік тақырыбымды қазақ тілі мен әдебиет пәнін жүйелі оқытудың қатаң
талабын, талғамын түйсінгендіктен таңдап алып отырмын. Өзіміздің Отандық
жаңашыл ұстаз- әдіскерлердің, ұстаздардың ұстазы- Қ.О.Бітібаева мен педагог-
ғалым Н.А.Оразахыновалардың төл технологиялары, әдістемесі тіл мен әдебиетті
оқытудың тың жолын, айқын бағытын көрсетті.
Көздеген
нәтиженің орындалу кепілі, нақтылы мақсатқа негізделген оқу жобасы, сатыланған
және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі, мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы,
жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс-әрекеттер жиынтығы,
білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы аталатын «Қазақ
тілі» пәнінде Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау», «Әдебиет» пәнінен
Қ.Бітібаеваның «Конструкциялау- моделдеу», заман талабына сай «Ақпараттандыру»
технологиялары ой салу, ойланту, талдау,
зерделеу, модельге салу, пікірге пікір қосу, пайымдау, тест құру сияқты
оқушылар тарапынан жасалатын түрлі тәсілдерді өз тәжірибемде қолданамын.
Қазақ тілі
сабағында тілдік материалды сатылай кешенді
талдау
технологиясы арқылы оқыту
Грамматикалық талдау - тіл
сабақтарында берілетін білімді жүйелеумен қатар оқушылардың тіл байлығын,
сөйлеу мәдениетін арттырып, танымдық дүниесін байытып, шығармашылық ойлауға
дағдыландыратын ұтымды тәсілдердің бірі. Сондықтан сатылай кешенді талдау
технологиясының басты нысаны - грамматикалық талдау. Тіл білімінің әр саласы жоғарыдағы
көрсетілген деңгей бойынша жүйелі талданып
отырады.
Сатылай кешенді
талдау технологиясы дегеніміз - оқыту мақсаты, міндеттері, тәсілдері, өзіндік
ерекшеліктері бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі,
кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге
машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді талдау технологиясы оқушыларға қазақ
тілі ғылымының мазмұны
мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық
құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс
сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады.
Тіл білімі салаларының барлық түрлеріне сатылай кешенді
талдау жасалынады. Сабақта жасалынып жүрген сатылай кешенді талдау үлгілері
қалалық әдістемелік бірлестік отырысында көрсетіліп, әріптестерге таратылды
(дискіге салынған). Төменде талдаудың кейбір үлгілері беріледі.
Айтады
1. Бұл сөз 3 құрамнан тұр: айт-а-ды
2.Тұлғасына
қарай: негізгі түбір(айт)
3.
Құрылысына қарай: дара (бір ғана негізгі түбірден
тұр)
4.Сөзде 1 лексикалық, 3 грамматикалық
мағына бар.
5.Лексикалық
мағынасы -қимыл –әрекетке берілген атау.
6.1-
грамматикалық мағынасы- лексикалық мағынаның
жалпылануынан
жасалынған жалпы грамматикалық мағына-етістік.
7.2-грамматикалық
мағынасы- (-а) көсемшенің жұрнағы арқылы берілген категориялық грамматикалық мағына-шақтық мағына.
8.3-грамматикалық
мағынасы- (-ды)
жіктік жалғауы арқылы берілген категориялық грамматикалық мағына-жақтық
мағына .
9.Мағынасына қарай:1)негізгі
етістік
2)болымды етістік
3)сабақты
етістік
10.Етістіктің
райлары: ашық рай
11.Етістіктің
өзіне тән категориясы: көсемше
12.
Етістіктің шақтары: ауыспалы келер шақ
13.Етістер:Ø
14.Сұрағы: қайтеді?
Сөз тіркесін талдау сатылары:
І.Саты. Сөздердің
арасындағы синтаксистік қатынастар.
ІІ.Саты. Сөз
тіркесінің грамматикалық мағынасы.
ІІІ.Саты. Құрылымы:
1. Басыңқыға
байланысты сөз тіркесінің түрі;
2. Моделі;
3. Байланыс
түрі;
4. Байланыс
тәсілдері;
5. Құрылысы
(дара, күрделі).
Талдау үлгісі
Анамның жылы сөздері жанымды
қуантты.
Сөйлемде 3 сөз тіркесі бар:1-
анамның сөздері, 2- жылы сөздері, 3- жанымды қуантты.
Сөз тіркесі: анамның
сөздері
І.Сөздердің
арасындағы синтаксистік қатынас- анықтауыштық
қатынас.
ІІ. Грамматикалық мағынасы- адам
мен оның әрекеті;
ІІІ. Құрылымы:
1.Басыңқыға байланысты сөз
тіркесінің түрі: есімді тіркес;
2.Моделі: (С.т.№1+т.ж.І
ж.+ с.ж.№2) + (с.т.№1 +к.ж.+т.ж.ІІІж.);
3.Байланыс түрі: матасу;
4.Байланыс тәсілі: синтетикалық
(тәуелдік жалғауы және табыс септік жалғаулары);
5. Құрылысы: дара
Сатылай кешенді
талдау жасаудың педагог –ғалым Н.А.Оразахынова ұсынған тағы бір ерекшелігі
талдаудың математикалық тәсілмен жасалуы. Мен өзім сабақ беретін 5-7 сыныптарда
талдау әдістемесін беруде оқушылардың талдау жаңалығына қызығушылық танытып,
білім дәрежесінің жай талдау жасағаннан гөрі деңгейлерінің көтерілгенін
байқаймын. Қалалық он- лайн сабақ беру байқауына қатысып, 7-сынып оқушылары
кешенді талдауды үйрену жетістігін көрсетіп, жүйелі теориялық білімдерін
байқатты.
Жүйелілік,
нақтылық сияқты дидактикалық ұстанымдар тілдік материалдарды терең меңгертуде
басшылыққа келетіндігі мені мынадай жаттығу түрлерін ойлап табуға жетеледі.
Оқушы алдына сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрастыруда толық
теориялық білімін көрсетуге қатаң талап қойылады, себебі оқушылардың
қарапайым ғана сөз тіркесін құруы үшін
сыныптар бойынша бөлінген тілдік курстарды жүйелі түрде білуге
мәжбүрлейді. Мысалы,
тек 9 сөз табының жүйелі
ретін біліп ғана қоймай, әр сөз табының
өз ішінен бөлінетін мағыналық топтарын да орнын
ауыстырмай
жүйелілігін сақтап, жадында ұстау дағдысын
қалыптастырады.
Математикалық тәсіл арқылы
берілген жаттығулар
Сөз таптары (с.т.) –
9, сөз таптарының мағыналық топтары да шартты белгі- санмен беріледі. Мысалы:
Есімдік 4-ші орындағы сөз табы, ал оның мағыналық тобы жіктеу есімдігі 4.1. ,
сілтеу есімдігі 4.2.түрінде белгіленеді.
Септік жалғауы(с.ж.) –
7, мысалы жатыс септігі 5-орында тұрғандықтан, шартты түрде с.ж.№5 деп
белгіленеді.
(Λ-жұрнақ белгісі.), (ж.ө.ш.-
жедел өткен шақ)
(С.т. №1+ с.ж.№3)+ (С.т.№5
+ж.ө.ш.Λ)= үйге келді
С.т.№4.1 + (с.т.№1+с.ж.№3)
+(с.т.№5+көсемше Λ+ж.ж.Іж.) =Мен ауылға барамын.
С.т.№3.1. +с.т.№1= он дәптер
С.т.№3.2. +с.т.№1= бесінші
сынып
С.т.№2+ с.т.№1 = әдемі
қыз
С.т.№4.1.+(с.т.№1+с.ж.№2)
+с.т.№2 +(с.т.№1+т.ж.ІІІж.)=
Ол мектептің үздік оқушысы.
С.т.№1.+с.т.№6 +(с.т.№5
+көсемше Λ)+ (с.т.№5+ ж.ө.ш.Λ.)= Бала тез жүгіріп келді.
(С.т.№1+к.ж.+с.ж.№2) + (с.т№1+
т.ж.ІІІ ж.) = Балалардың
ойыны.
С.т.№9+ (с.т.№1+ т.ж.І ж.) +
(с.т№5+ж.ө.ш.Λ.) = Алақай, апам келді!
Сонымен бұл
талдаулар арқылы, оқушы игерілген білімді сауатты баяндауға, теориялық білімді
терең меңгеруге, ғылыми түрде сөйлеу және жазу тәсілін қалыптастыруға жағдай жасайды. Сатылай
кешенді талдау төл технологиясын сабақта
тиімді пайдалансақ, оқушыларымыздың білім деңгейі жоғары болатыны айқын.
Қазақ әдебиеті
сабағында қолданылатын конструкциялау
технологиясы- әдебиетті оқытудың өнімді жолы
Оқыту әдістері білім берудің
мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады.
Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді
шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс
атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние
танымдылығы мен қабілеттілігінің артуы. Әрбір ұстаз ойлау қабілеті жоғары
оқушысы болғанын қалайды. Мемлекетіміздің рухани және әлеуметтік дәрежесі
қазіргі таңда білім деңгейімен бағаланады.
Мұғалімнің ең
қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға
қалыптастыру. Жас ұрпақты тәрбиелеу үшін мұғалім өзінің
оқыту әдістерін күннен-күнге жетілдіріп отыруы тиіс.
Әдебиет пәнінде көркем шығарманы оқытып, балаға көркем әдебиеттің, оның сан
қилы кейіпкерлерлерінің түрлі әрекеттеріне баға беріп, кейіпкер болмысынан
өзіне өнеге ала білушілік деңгейге
жететіндей жол сілтеу үшін мұғалім оқыту әдістемесінің ең ұтымды, тиімді
тәсілін таңдайды. Бала жаны еліккіш, жақсылыққа, жақсы тәрбиеге сусағыш, қай
нәрсені болса да өз елегінен өткізгісі келеді, бұл орайда көркем шығарманың
бала бойындағы ізгі
қасиеттердің пайда болуына тигізетін әсері зор. Мысалы
«Толағай» дастанын өткенде бала жанарынан ел қамқоршысы болуға ұмтылушылық,
отансүйгіштік сияқты асқақ сезімдерді байқаймын. Шығарманың әр кейіпкерінен
(жағымды, жағымсыз) өмірлік сабақ алуға болады. С.Жүнісовтың «Ақырғы
бәйге» әңгімесінде пенденің қызғаныш
атты соқыр түйсік жетегіне еріп, Құлагердей қанатты пырақты құрбандыққа шалуын,
қайран тұлпардың жантәсілім етер шақтағы толғанысын естіген балалар көздеріне
жас алды. «Мұғалім, мен де кейде біреудің жетістігін қызғанамын, бұл ең
жиіркенішті қылық екен ғой, енді бойымда ондай қасиеттің болуына жол
бермеймін»,- деген мойындау- ойларын да жасырмады. Оқушылар әдеби
кейіпкерлердің іс –әрекеттерінен өздерінің және айналасында жүрген
жолдастарының айнасын көріп, өзіндік қорытындыларын шығарады. Мен мұғалім
ретінде, ана ретінде қазақ әдебиеті қаламгерлеріне басымды иемін. Әрбір әдеби
шығарма – тұнып тұрған тәрбие, өнеге көзі. Ш.Мұртазаның «Бала Тұрарындағы»
Тұрар бейнесі әрбір өсіп келе жатқан жас өскінге қандай өнеге боларлық биік
тұлға. Намыстылық, білімге құмарлық, әділдік, отансүйгіштік, сабырлылық, әкеге
деген құрмет, терең ой сияқты тәрбие көздері бала тәрбиелеп отырған ата
–ананың, мұғалімнің бірден – бір жәрдемшісі емес пе?
Менің есіме
Алматы қаласы №12 гимназия мектебінің директоры, әдебиет пәнінің мұғалімі
Рахима Бөлекбайқызының телебағдарламада айтқан «әдебиет сабағында «3» алатын
бала болмауы керек» деген сөзі жиі түседі. Әдебиет сабағында әрбір үлгерімі
төмен дейтін баланың өзін сөйлету, көзқарасын білу, дұрыс таным –түйсіктерін
қалыптастыруда ойларын аңғару әдебиет пәні мұғалімінің зор міндеті. Себебі біз келешек
ұрпақ тәрбиесіне бірден - бір жауапты
тұлғалармыз. Мен алдымдағы әр шәкіртке қарай отырып, өз баламды тәрбиелеп
отырғандай сезінемін.. Әрбір ата – ана өз баласының ізгі жүректі азамат болып
қалыптасқанын қалайды емес пе? Ал, ол балаларды мемлекет бізге сеніп
тәрбиелетуде. «Мына бала менің де балам сияқты тәрбиеге сусап отыр ғой»,- деп
жас өскіннің мейілінше жанына әдеби кейіпкерлер бейнесін саралай отырып,
жүректеріне сәуле түсіруге, күнделікті өмірде сол ізгілікті қолдануға үйретуге
асығамын. Міне мен осы ұстанымды әрдайым
жадымнан шығармауға тырысамын.
Мен әдебиет
пәнінен көркем шығармаларды оқытуда шығармашыл, жаңашыл ұстаз- әдіскер,
ұстаздардың ұстазы Қанипа Бітібаеваның «Конструкциялау- моделдеу»
технологиясына жүгінемін.
Ұстаз білімді тек
сөздік әдісі емес, бейнеге, жобаға, модельге түсірудің жолдарынан іздене
отырып, оның өнімді білім берудегі орнына тоқталады. Әрине, модель дегенде ол
макет, графика, сызба түрінде болады.
Инновациялық
технологиядан іздену – ұзақ жылдар бойы таптаурын болып қалған өнімсіз
іс-әрекеттерден арылудың бірден-бір жолы. Бұл технология оқытудың, білім
берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа ізденістерін, нәтижелі
ізденістерін талап етеді.Баланың білім алу, даму сияқты іс-әрекеттерін мақсатты
түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен
алуларына түрткі жасау технологияның басты белгілері болып табылады.
Бұл технологияда оқушылардың дербес ізденісі, жаңа
білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға
ерекше
көңіл бөлінеді.
1.Алдын-ала тапсырмалар беру.
Мақсат: баланың өз бетімен өзіндік, яғни оқушы деңгейіндегі білімін қолдану,
анализ, синтез, баға деңгейіне дейін жетелеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру. Мақсат
ұсыну. Оқушыларға өз мақсатын қойғызу.
2. Мақсатқа жету үшін көмек-бағдар, бағыт ұсыну.
3. Жаңа сабақта ең алдымен олардың өз жұмыстарын тыңдау, алдарындағы
өзіндік
мақсаттарын саралау, мұғалім қойған мақсаттардың орындалуына назар аудару.
4.
Жаңа білімді меңгеру кезінде оқушылардың осы өзіндік жетістіктері тереңдей
түседі, мұғалім коррекциялық жұмыстар
атқарады.
Әдебиет – сөз
сабағы, көбінде сөздік әдістер арқылы білім беретін пән. Ал бұл модель конструкциялық жобалау технологиясын
негізге алған. Модель әр оқушының алдында жатады. Ол көркем шығармадан білім алудың бағдаршамындай, оқушылар оған қарап, әр
түрлі іздену, зерттеу жұмыстарын орындайды. Модель әрі тірек карточкасы, әрі
көрнекілік, әрі көмек-нұсқау рөлін де атқарады. Модель оқушы іс-әрекетін де
белгілі бір мақсатқа жүйелейді, бағыттайды, тәртіпке салады. Оқулық, ғылыми
еңбектермен жұмыс істеуге баулиды. Өз беттерімен де модель жасауға ықпал етеді.
Ең бастысы, терең, тиянақты білім алуға (өз беттерімен) өнімді, нәтижелі көмек
жасайды.
Бала білімін тексеру, бағалау, жинақтауда тестің де
орнына жүреді. Оқушыға басқа тапсырма орындатпай-ақ, сызбадағы берілген
тұжырымдарға тапсырма берсе де жеткілікті. Модель бойынша жұмыс дұрыс
ұйымдастырылса, онда көркем шығарма туралы терең де толық білім қамтамасыз
етіледі деп айтуға болады.